Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік жүргізген бойжеткен 15 тәулікке қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда мас күйде рульге отырған бойжеткен 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ ол 7 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең Петров көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері «Hyundai Greta» көлігін тоқтатты. Тексеру барысында полиция қызметкерлері рульде болған19 жастағы бойжеткеннен алкогольдің иісі шығып тұрғанын сезген. Жол сақшылары оны көлік тізгінінен шеттетіп, бекітілген ережеге сәйкес, медициналық куәландырудан өту туралы ұсынған», - деді П олиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйде жүргізгені анықталды. Автоледиге қатысты Әкімшілік кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімі бойынша бойжеткен 15 тәулікке қамалып, 7 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Кейінгі екі күннің ішінде полиция қызметкерлері елордада 23 жүргізушінің мас күйде ұсталғанын хабарлайды.



Соңғы жаңалықтар