+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел жүргізуші куәлігінен айырылды

2020 жылғы 4 желтоқсан 18:50
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел жүргізуші куәлігінен айырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түн ішінде «102» нөміріне қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын азаматтар хабарласып, мас күйдегі қыз түнгі бардан шығып, «Тойота» маркалы автокөліктің рөліне отырғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да екі күнде 500-ден астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған Түркістандық полицейлер боранда жолда қалған азаматтарға көмек беруде Шымкентте қарлы бораннан электр желілері үзіліп, 18 елді мекен жарықсыз қалды

34 жастағы автокөлік жүргізушісін полицейлер Уәлиханов-Иманов көшелерінің қиылысында ұстады. Әйелдің әрекеті ақылға қонымсыз еді, ол полиция қызметкерлерін көріп, дауыстап жылай бастаған. Бірақ автокөлік тізгіндеген әйелдің әрекеті полицейлердің аяушылық сезімін оята алмады. Олар медициналық куәландырудан өтуді ұсынған.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйде айдаған.

Авьожүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімімен, әйел 15 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға көлік айдау құқынан айырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен көлікті ішімдікке және есірткіге мас күйде айдамауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT