Нұр-Сұлтанда күніне 300 адам өкпенің қабынуымен ауруханаға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкпенің қабынуымен ауруханаға түсетін науқастар санын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресми ақпаратқа сәйкес, маусым айында өкпесі қабынған адамдар саны өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 2,2 есеге артты. Яғни, 1 700 пневмония жағдайы тіркелді. Күн сайын шамамен 200 адам ауруханаға түседі, соңғы күндері бұл цифр 300-ге де жетті. Сонымен бірге, амбулаториялық кезеңде науқастар үйде ем-дом алып жатыр», - деді басқарма басшысы Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, елордада 5 894 адамда коронавирус инфекциясы расталды. Олардың арасында 1 224 адамның өкпесі қабынған.

«Күн сайын 250-300 адам ауруханаға түссе, соншалықты адам емделіп шығып жатыр. Бұл – дәрігерлеріміздің үлкен еңбегі», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар