Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

24 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні - 18 м/с. Күндіз бұршақ жауады.

Соңғы жаңалықтар