+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда коттеджден шыққан өрт сөндірілді

2020 жылғы 30 қазан 15:38
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда коттеджден шыққан өрт сөндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер коттедждегі өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті Ақтауда пәтер өртенді Көкшетауда жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

Еске сала кетейік, бүгін Шұбар шағынауданында Темірқазық көшесі бойындағы екі қабатты коттедждің шатыры және оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс өртенді. Ол жайында сағат 11.40 шамасында елордалық өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне хабарлама түскен.

Сағат 11.47-де оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күш-құралдары келіп жетті. Өрт шарпыған аумақ шамамен 150 шаршы метрді құрады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өрт сағат 12:10-да оқшауланды, сағат 13.24-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел жәрдем бригадасынан, полиция департаментінен 34 қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT