Нұр-Сұлтанда коронавирустың 4585 белсенді ошағы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева коронавируспен ауырып жатқан елордалықтардың жас құрамы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастардың 80 пайызы ересектер, 16,6 пайыз балалар және 2,7 пайызы жасөспірімдер. Ересек науқастарға тоқталсақ, науқастардың 22,6 пайызын 30-39 жас арасындағылар, 40-49 арасындағы адамдар 13,9 пайызын, 50-59 жас арасындағылар 14,1 пайызын, 18-29 арасындағылар 16,2 пайызын, 60-тан асқандар 13,7 пайызын құрайды», - деген бас санитардың орынбасары әкімдіктің онлайн брифингісінде.

Оның айтуынша, қазіргі таңда белсенді ошақтардың саны 4585-ке жеткен.

«Оның ішінде 2871-і үйдегі ошақ. Науқаспен байланыста болғандардың саны – 3122 адам. Вирустың қарқын алуындағы басты себептердің бірі дельта-штамның пайда болуы екенін білесіздер», - деді Данна Пралиева.


Соңғы жаңалықтар