Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп жатқан 10 адам үйлеріне шығарылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада коронавирустан емделіп жатқан 10 адам үйлеріне жіберіледі. Бұл туралы Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйлеріне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады», - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.



Соңғы жаңалықтар