Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау қалай жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерін ескергенде 600 мыңнан астам қала тұрғыны вакцинациялауға жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Вакцинация қаланың АМСК ұйымдарында алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі (ұйымдардың тізімі қаланың ҚДС сайтында көрсетілген) және «Mega Silk Way» СОО-да жасалады. Демалыс күндері қаланың ірі сауда орталығында сынақ режимінде дозаның бірінші компонентін оның қызметкерлері, яғни бутикті жалға алушылар, сатушылар және орталықтың қызметкерлері алды. Оның барысында 200-ден астам адам қамтылды.


«Таңертеңнен бастап қала тұрғындары вакцинацияға дайын болды. Алдын ала жазылып, шақыруды күтіңіз. Біз жұрттың өз денсаулығына және өзгелерге жауапкершілікпен қарайтынына қуанамыз. Профилактикаға аса мән берілу керек», - деп атап өтті тиісті басқарма.

Сондай-ақ, басқармада АМСК және СОО-да екпені тек елорда тұрғындары ғана емес, өңірлердің тұрғындары да ала алатынын мәлім етті. Басқа қаланың тұрғыны елордада екпе алып, 21 күннен кейін өз қаласында/облысында екінші дозасын қабылдай алады.

«Басқарма қоймаларында вакцина қоры жеткілікті. Жаңа партия СК Фармация (Денсаулық сақтау министрлігі) тәртібіне сәйкес апта сайын келіп түседі», - деп хабарлады ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пунктерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алдын ала жазылу бойынша egov мобильдік қосымшасы немесе емханалардың call-орталықтарына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 30 мыңға жуық адам екпе қабылдады.


Соңғы жаңалықтар