Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған жүкті әйел дені сау бала босанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 сәуірдегі деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 сәуірден бері стационарда емделген 17 пациент коронавирустан сауыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.

Емделіп шыққан азаматтар екі апта үй карантинінде болады.

21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар . Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала.

Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс.


Соңғы жаңалықтар