+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда коронавирус вакцинасын алғысы келетіндер қатары күрт артты

2021 жылғы 24 маусым 18:05
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда коронавирус вакцинасын алғысы келетіндер қатары күрт артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетіндердің қатары күн санап артып келеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Жандарбек Бекшин Қазығұртта бірнеше тойхана иесі карантин режимін бұзған - Түркістан облысы Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда вакцина алып жатқандар көрсеткіші тәулігіне екі еседен астамға артты.

Мамандардың айтуынша, «Дельта» штамы пайда болғаннан кейін халықтың көпшілігі денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарай бастаған.

«Вакцинаның алғашқы дозасын 24 маусымдағы жағдай бойынша, 190,5 мыңнан астам азамат алды. Тұрғындар өз денсаулығына және өзгелердің денсаулығына жауапты екенін түсініп келеді. Біз мұны «Дельта» штамының (үнді штамы деген атаумен белгілі) қауіптілігін түсіне бастағандығымен байланыстырамыз», — деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қала тұрғындарын ынталандыру үшін сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде компьютерлік және тұрмыстық техника, жеңілдік купондары мен сертификаттар түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады. Бұл акцияға жақында «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылады.

Мысалы, «Mega Silk Way» СОО вакцинаның бірінші дозасын алғандар арасында автомобиль ойнатуда. Өткен тәуліктің өзінде ғана мұнда 450-ге жуық адам вакцина алған. Осыған дейін вакциналанғандардың саны екі жарым есе аз болатын.

«Біз вакцинация пунктерінде екпе алғысы келетіндердің саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, «Еуразия» сауда үйінде бұрын күніне 50-60 адам егілсе, кеше шамамен 100 адам қабылдадық. Сондай-ақ емханаларымызда да вакцинацияның өсуі байқалады: кеше кешке 50-ден астам адам егілді. Ал өткен тәулікте вакциналанғандардың саны 100-ге дейін өсті. Қала тұрғындары жаңа штамды жұқтырмас үшін қауіптене бастағанын айтады. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастағаны бізді қатты қуантады», — дейді қалалық №6 емхананың директоры Динара Байсеркина.

Еске сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгінов вакцина алатындар арасында (жеке қаражат есебінен) екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізілетінін жариялаған болатын. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында препараттың бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Бұл акцияға медициналық мекемелер, сондай-ақ СОО/СҮ сияқты қаланың вакцинация пунктерінде екпе алғандар қатыса алады. Конкурсты әділ өткізу және егілген азаматтарды толық қамту үшін (көрсетілген кезеңде) қаланың IT-қоғамдастығы жұмылдырылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT