Нұр-Сұлтанда коронавирус індетімен күреске қанша қаражат бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елордада COVID-19 індетімен күреске қанша қаржы бөлінді? Бұл сұраққа Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың І жартыжылдығында коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 21,8 млрд теңгені құрады. Осы орайда, елорда тұрғындарының коронавирустық инфекция және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алатынын еске салғым келеді», - деді Н.Қабдықапаров онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, қор басшысы жоғарыда аталған қаржының қайда жұмсалғаны туралы айтты.

«Медицина қызметкерлеріне үстемеақыға - 10,65 млрд теңге, медициналық көмекке - 8 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларға 32,9 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді. Сонымен қатар КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге кеп көрсетілетін медициналық көмекке 574 мың теңге, 20 адам емделді. Және де ПТР диагностика қызметіне 2,61 млрд теңге, 321 мың ПТР-тест жасалды, мобильді бригадалардың шығуына 545 млн теңге, 94,6 мың шақырту тіркелді», - дейді ол.

Бұған дейін филиал басшысы астанада амбулаториялық медициналық қызметке бөлінетін қаражат көлемінің артатынын мәлім етті.

Одан бөлек, Нұрлыбек Қабдықапаров 150 мыңға жуық елорда тұрғынының тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар