Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша эпидахуал қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова COVID-19 жағдайы бойынша елордадағы статистиканы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Елордада жүргізіліп жатқан іс-шаралар арқасында COVID-19 сырқаттану деңгейінің төмендеуі байқалады. Сырқаттанудың төмендеу қарқыны баяу өсіп келе жатқанын және соңғы үш аптада орта есеппен аптасына 10%-дан 19%-ға дейін төмендегенін атап өткім келеді. Бірақ қазір СOVID-19 індеті бойынша нақты тіркелген жағдайлар қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды көрсетуде және қала «қызыл» аймақта қала береді. Күніне 70-тен 200-ге дейін СOVID-19 оқиғасы тіркеледі», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елордада сырқаттанғандар саны 38 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 57 168 жағдай тіркелді (оның ішінде 38 540 - симптомдық және 18 628 -симптомсыз).

«Мамыр айының басымен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттану көрсеткіші 210-нан 110-ға дейін төмендеді. Бір аптада СOVID-19 бойынша 1315 жағдай тіркелді, сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптадан 18%-ға төмен (алдыңғы аптада – 1617 жағдай), 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш-110,7 құрады. Репродуктивті саны-0,88», - дейді елорданың бас санитары.

Соңғы тәулікте 203 бастапқы жағдай тіркелген (симптомдары бар 150 жағдай, симптомсыз 53 жағдай). Қазіргі уақытта қалада инфекцияның белсенді 1551ошағы бар. Медициналық бақылауда байланыста болған 4 116 адам бар.


Соңғы жаңалықтар