Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталғанда ғана сыныптар жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған жағдайда мектепті емес, сыныптарды немесе қабаттарды жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда әрине, шектеу шараларын жеңілдету мәселелері шешіледі және коронавирус анықталған жағдайда мектепті емес, сыныптарды немесе тұтас қабатты жабу жоспарлануда. Жапсарлас сыныптар жабылады. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр», - деді спикер елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері коронавирус жұқтырудың 2192 жағдайы тіркелген.
Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі 30-39 жаста.
Қазіргі уақытта елордада 21 мектепте карантин жалғасуда.
Ал елордалықтар мамыр айында екпе ала алады.
- Екпенің еш кері әсерін байқаған жоқпын – қызылордалық дәрігер
- Демалыс күндері Теміртауда сауна мен бассейндер жұмысы тоқтатылады
- БҚО-да коронавирус жұқтырған 276 адам стационарда жатыр
- Түркістан облысы мектептерінде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берілді
-
3 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
-
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам