+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды

2021 жылғы 24 қазан 18:55
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эксперимент: ШҚО құтқарушылары жаңажылдық шыршаны өртеді Павлодарда мейрамхананың жанында екі адамды көлік қағып кетті Степногордағы әлімжеттік: жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды

«24 қазан күні сағат 14-33-те Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының құтқарушылары «Атырау» көпірінен жасөспірім қыз баланың суға секіріп кеткендігі туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Сол жерден өтіп бара жатқан екі адам баланың суға секіріп кеткенін көріп, іле-шала суға сүңгіген. Құтқарушылар жеткен кезде екі адам ес-түссіз жасөспірімді жағаға жеткізуге тырысып жатты. Құтқарушылар баланы қайыққа салып алып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл жедел құтқару отрядының орталығына аттанды. Бақытына орай, 2006 жылы дүниеге келген қыз құтқарылды. Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды», - делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті жасөспірім қызды құтқару үшін өзенге іле-шала сүңгіген екі ер адамды іздеп жатыр.

Фото: instagram.com/eto_astana_detka
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT