+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда көпір астында тағы бір жаңа арт-кеңістік пайда болады

2020 жылғы 26 тамыз 15:16
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда көпір астында тағы бір жаңа арт-кеңістік пайда болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік жасалды. Онда стритбол, коньки, үстел теннисі және жаттығу алаңдары болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, елордадағы «Арқар» көпірінің астындағы аумақта демалыс аймақтары кеңейтіліп, олар жаңа граффитимен толықтырылған. Спорттың белсенді түріне арналған аймақ Геннадий Головкин бейнеленген муралмен безендірілген. Ол көше фитнесі жабдықтарымен, workout алаңымен, гантельдермен, штангалармен және т.б. жабдықталады. Жақын жерде балаларға арналған аймақ болады.

Өнер туындыларын Қазақстанның әр қалаларынан келген дарынды суретшілер салған. Қазіргі уақытта мұнда реттеу жұмыстары жүргізілуде. «Арқар» көпірінің астындағы кеңістік Триатлон және Президент саябақтарын біріктірді.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарының демалысы үшін жайлы жағдай жасауға айрықша көңіл бөлуде. Осылайша бос жатқан жерлер үлкен аулалық алаңдармен, шағын саябақтармен және жайлы бульварлармен жабдықталған.

Мысалы, бұған дейін Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 17/6 бос жатқан аймақ болған. Қазір мұнда үлкен абаттандырылған аймақ, оның ішінде футбол алаңы бар. Автотұрақ мәселесі шешілді.

Биыл 50 қоғамдық орын (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150 аула жабдықталады.

Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT