+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар көрпе көрмесін өткізді

2019 жылғы 5 шілде 13:12
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар көрпе көрмесін өткізді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Елодадағы «Көрме» залында Астана күні мерекесіне орай көрпелер көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көрпе Fest» деген атпен ұйымдастырылған фестивальге Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек, Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарынан келген көпбалалы аналар шақырылыпты. Танымал этно-дизайнер Ырза Тұрсынзаданың бұл бастамасына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдау білдірген. «Алтын сапа» сыйлығының иегері, «Алтын орда» ұлттық бұйымдар брендінің авторы Ырза Тұрсынзада 3 күннің ішінде 80-нен астам көпбалалы анаға көрпе тігіп, тыстаудың түрлі тәсілдерін үйретіп, кәсіп дөңгелетуге баулыған.

null
null
null
null

«Осыдан 10 жыл бұрын Мәскеуден отаныма оралдым. Елге деген сағыныш болса керек, келе салып осы қолөнерге бет бұрдым. Кейін ол бизнеске айналып, бір көрпенің өзін кем дегенде 2000 долларға сататындай деңгейге жеттім. Енді сол кәсіптің қыр-сырын көпбалалы аналарға үйретіп жатырмын. Жалпы, Қазақстанда менен тәлім алған 5000-нан астам қыз-келіншек бар. Негізгі мақсат - қазақтың аналарын қара шаңыраққа қайтару. Сән салонын ашқаннан ұлттық қолөнермен айналысқан әлдеқайда баянды. Ұлттық қолөнер үйдің ішкі көрінісімен қоса, әйелдің өз болмысын да түзейді. Ал ондай отанасы бар үй қазақтықтан алшақ кетпйді», - дейді этно-дизайнер.

null
null
null
null

Әлеуметтік желі арқылы Ырза Тұрсынзаданың шеберлігіне қанық аналар фестивальге өз қолынан шыққан туындыларын ала келіпті. Көрпенің түр-түрі «Көрме» залының ішін қазақи аураға бөлеген. Көрпелер көрмесінің ашылуына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, көпбалалы аналарды астана күнімен құттықтады.

null

Ұлттық қолөнерді кәсіпке айналдырғысы келетін көпбалалы аналарға Бердібек Сапарбаев «Еңбек» бағдарламасы арқылы жаңа кәсіп ашу үшін 505 мың теңге көлемінде грант алуға болатынын жеткізді.

Ал елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл елді баспанамен қамту мақсатында 1,5 мың сертификат қарастырылғанын, оның мыңы аз қамтылған отбасыларға берілетінін атады.

null

Үш күндік семинарда ісмерлікке икемділік танытып, белсенді қатысқан 50 көпбалалы анаға тігін машиналары табысталды. Фестивальге қатысушы өзге аналар болса, тігін негіздерін меңгергені туралы сертификаттарға ие болды.


null
null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT