Нұр-Сұлтанда көмірге сұраныс артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов елордада көмірге сұраныс артқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмірдің лезде сатылып кетуі сұраныстың жоғары болуымен түсіндіріліп отыр. Бұл ретте сұраныс айтарлықтай өсті. Елорданың аумағы айтарықтай өсті, тұрғындар саны жыл сайын артып келеді. Статистикаға сүйенсек, 9 айда 77 млн тонна шамасында жөнелттік, бұл былтырғыдан 4 пайызға артық. Осы көрсеткіш көмірге сұраныстың артқанын байқатып отыр»,- деді Қ. Көбесов елордадағы көмір өткізетін орындарды аралау кезінде.

Оның айтуынша, дүрбелең тудырмас үшін көмір өткізетін орындардың өкілдері тұрғындарға тиісті ақпарат беруі керек.

«Бұл тұрғыда қызмет көрсету лайықты деңгейде болуы тиіс, тұрғындармен жұмыс істеген жөн. Бізде мониторингілік топтар күн сайын барлық көмір жеткізілетін орындарды аралайды», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қанат Көбесов елорданы көмірмен қамтамасыз етуге қатысты түсінік берді.

«Айтарлықтай дүрбелең (көмір сатылатын темір жол тұйықтарында) жоқ. Орын алған дүрлігу алыпсатарлық, яғни ол көмір сатушылармен тікелей байланысты. Қарапайым ғана статистикалық дерек келтіре кетейін, қазан айының 7 күнінің ішінде Нұр-Сұлтанға 171 вагон көмір түсірдік», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар