Нұр-Сұлтанда көмір қаншадан сатылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көмір бағасын қадағалау жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019-2020 жылдары көмірге коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік 10,4 млн тонна болды. Әзірге оның 47% немесе 4,9 млн тоннасы дайын. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл көмір қымбаттамайды. Біз оны бақылауда ұстап отырмыз. Оның бағасын апта сайын Үкіметке жіберіп отырамыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әзірге Нұр-Сұлтан қаласында Шұбаркөл көмірінің тоннасы – 11 400 теңге, Екібастұз – 9 500 теңге, Қаражыра – 11 200 - 13 200 теңге аралығында, Майкөбен көмірі – 12 500 теңгеден сатылуда.

«Егер көмір сапа талаптарына сай келмесе, әкімдікке жүгінуге құқығыңыз бар. Мұнымен сапа стандарттарын бекітетін өнеркәсіп комитеті және техникалық реттеу комитеті комитеті айналысады. Сонымен бірге, көмір сапасы жөнінде телефон арқылы хабарласатын қолдау қызметін құру жоспарланып отыр», - деді Қ. Өскенбаев.



Соңғы жаңалықтар