+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда көлік ұрлап, 2 адамды қаққан күдікті екі айға қамалды

2019 жылғы 4 желтоқсан 20:02
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда көлік ұрлап, 2 адамды қаққан күдікті екі айға қамалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада такси көлігін ұрлап, кейіннен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдікті екі айға қамауға алдынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сотқа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Теміржолшылар Алматы-Петропавл пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды БҚО-да қыз бала өзіне-өзі қол жұмсады Қостанай облысында жоғалып кеткен оқушы 12 күннен соң табылды

«Нұр-Сұлтан қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық соты аталған күдіктіге қатысты тергеу материалдарын қарады. Тергеу шаралары аяқталғанша күдіктіні екі ай қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне елордалық соттың баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. 2005 жылы туған жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің сөзіне қарағанда, 23 жастағы күдікті осыған дейін бірнеше рет сотты болған. 2013 жылы тонау фактісі бойынша, содан кейін ұрлық үшін іс қозғалған.

ҚР ҚК 345-бабы («Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT