Нұр-Сұлтанда көлік полицейлері қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінде Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерді еске алды, деп хабарлайды депарматенттің баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шара департамент ғимаратының алдындағы «Мәңгілік ұмытылмас есімдер» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге департамент басшылығы, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің туыстары қатысты.

«Туған ел мен жерге, антқа адалдық таныта отырып, шынайы қаһармандықтың үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімдері көлік полициясының тарихына өшпес із қалдырды. Бұл күні біз өз Отанының нағыз патриоттарын, тәуелсіз елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін өмірлерін қиған қызметкерлерді еске алуға міндеттіміз және олардың отбасына ұдайы қамқорлық көрсету біздің азаматтық борышымыз», - деді департамент бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов.

Ескерткіш маңына жиналғандар қызмет бабында қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
null

Бұдан соң кәсіби мерекеге арналған шара департаменттің акт залында жалғасты. Оған басшылық, жеке құраммен бірге ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты.

Еліміздің бас көлік полицейі әріптестеріне мықты денсаулық, олардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметтеріне мол табыс тіледі. Сондай-ақ, ол ұзақ жылдар жастарға патриоттық тәрбие беріп келе жатқан ішкі істер органдарының ардагерлеріне жүрекжарды алғысын білдірді.
null

Өз кезегінде ішкі істер органдарының ардагерлері де құттықтау сөз сөйледі.

ҚР ІІМ және департаменттің бұйрығымен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін 200-ден астам қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
null

Олардың арасында үздік тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер, анықтаушылар және тағы басқалар болды.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы Халықаралық әуежайында Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Әбікеннің ішкі істер органдарында қызмет жасағанына 17 жыл болса, департаменттің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бақытжан Қорғашев полицияда 8 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Кәсіби мерекеге орай және құқық тәртібін нығайтуға қосқан зор үлестері үшін жоғарыда аталған қызметкерлер подполковник шенін мерзімінен бұрын алып, көлік полициясының ең үздік қызметкерлері аталды.
null

Іс - шара соңында жиналғандарға қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған «Ер есімі-ел есінде» атты фильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар