Нұр-Сұлтанда қоғамдық орында жасалатын қылмыс саны 2 есе азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзу фактілерінің саны 44,9 % азайған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер 2018 жылы қаланың қоғамдық орындарында 14 мыңнан астам құқық бұзушылық жасалса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 8 мыңға дейін азайған. Оның ішінде, қала көшелерінде жасалған қылмыстар 38,4 % азайды. Бұзақылық әрекеттер саны 52,3 % - ға қысқарды», - дейді Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда астанада «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жобасы бойынша 13 мың камера орнатылды. Оның ішінде 10 мыңы қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

«Бұл камералардың деректері қаладағы көшелерде болып жатқан жағдайды полиция қызметкерлері бақылайтын Ахуал орталығына беріледі. Жол қиылыстарында және жолдың желілік учаскелерінде орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендердің құрамына кіретін шолу камералары да астанада қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Камералар қаланың жатын аудандарында, мектептердің жанында, қоғамдық орындарда орналасқан» деп жазады қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, мектептерде, балабақшаларда, қоғамдық орындар аумағында астанадағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында меншікті камераларды интеграциялау жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар