+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда кибеспорттан Дүниежүзілік ойындардың іріктеу кезеңі өтті

2019 жылғы 28 қазан 14:17
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда кибеспорттан Дүниежүзілік ойындардың іріктеу кезеңі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Жекпе-жек сарайында киберспорттан «World Electronic Sports Games - 2019: Kazakhstan» ірі турнирі өтті. Бұл туралы «SPORTINFORM» агенттігі Қазақстан QCF киберспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Спортшылар төрт дисциплина - «Counter-Strike: Global Offensive», «Dota 2», «StarCraft II» және «Pro Evolution Soccer 2020» бойынша бақ сынады. Турнирді тамашалау үшін екі мыңнан астам көрермен жиналды. Ол бас серіктес «Самрұқ Қазына» АҚ-ның, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Қазақтелеком» АҚ мен ҚР Жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен өтті.

«Қазіргі таңда киберспорт дамып келеді. Спортшылардың жасы 14 пен 25 аралығын құрайды. Бүгінде миллиондаған көрермен киберспортқа қолдау көрсетіп отыр. Бұл – әлемдік тренд. Сіздерді осындай айтулы оқиғамен құттықтап, сәттілік тілегім келеді. Мереке құтты болсын!», - деді WESG-2019 қатысушыларына елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қазақстан киберспорт федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев көрермендерге ерекше белсенділік пен қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдірді.

«WESG-2019: Kazakhstan» турнирінің ұлттық кезеңінінің жеңімпаздары қараша айында Алматыда өтетін World Electronic Sports Games Орталық Азия турнирінде Қазақстан намысын қорғайды. Орталық Азия кезеңінен кейін қатысушылар Қытайда өтетін киберспорт бойынша WESG-2020 халықаралық чемпионатында сынға түседі. Аталмыш турнир Alibaba корпорациясының спорттық бөлімшесі болып табылатын Alisports компаниясы ұйымдастырған жаһандық киберспорттағы аса маңызды әрі ірі шаралардың бірі екенін атап кету керек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT