+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда ҚХА-ның 25 жылдығына арналған конференция өтіп жатыр

2020 жылғы 15 қыркүйек 13:47
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда ҚХА-ның 25 жылдығына арналған конференция өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астанадағы Достық үйінде «Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХА мүшелері Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады Коронавирус: Елордада 1500 медицина қызметкерінен кадрлық резерв құрылды Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді

ҚХА Төрағасының орынбасары Юсуп Келиговтың айтуынша, қазақстандық этностардың көптілділігі дау-дамайға айналған жоқ, керісінше бәсекеге қабілетті артықшылыққа айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі ғылыми-практикалық конференция осы 25 жыл ішінде Ассамблеяның қалыптасуының барлық кезеңдерін қамтиды. Біз ширек ғасырда ұзақ жолдан өттік. 1995 жылы мемлекетіміздің құрылуының басында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 90-жылдардың басында бүкіл әлем Қазақстан көпұлтты болғандықтан құрдымға кетіп, дүниежүзілік картадан жоғалады деп болжады. Көпұлттылықтың – арты ұлтаралық қақтығыстар мен жанжалдар тудыратын, жарылып кету қаупі бар ыдысқа ұқсайды. Халықаралық дәрежедегі болжамдар Қазақстан халқын бір шаңырақ астына біріктірген Елбасымыздың дана саясатының арқасында жүзеге аспады. Қазақстандық этностардың көптілділігі дау-дамайға айналмай, бәсекеге қабілетті артықшылыққа айналды. Бүгінде оның нәтижесін көре бастадық», - дейді . ҚХА Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов.

Оның айтуынша, Ассамблея 25 жылда көп жетістікке қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстанда әр этнос үшін барлық жағдай жасалған және олардың мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға тең мүмкіндік жасалды. Еліміздің барлық аймағында жақсы жұмыс істеп жатқан, өз мәдениетін дамытып, өз тілін үйренетін Достық үйлері бар.


«Жақында біз өз мәдениетімізді дамытумен қатар, мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге тырысып жатырмыз, ол кейінірек ұлтаралық қатынас тілі болады деп ойлаймыз. Менің ойымша, әлемде Назарбаевтың атымен аталатын модель – барлық елден келген адамдар тәжірибесін зерттеуге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы институты. Институттың халықаралық қоғамдастыққа ықпалы зор. Егер біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған саясат болмаса, мұның бәрі мүмкін болмас еді.

Бейбітшілік пен тыныштық орнауына барлық этнос өкілдерінің, соның ішінде экономикалық дамуымызға ықпал еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор. Қазақстан бүкіл әлемге танымал мемлекетке айналды. Қазақстанның қазіргі ұстанымын қосымша түсіндіруді қажет етпейді. Біз бейбітшілік пен келісімде, тең мүмкіндіктермен өмір сүріп жатырмыз. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің құрылуының арқасында Қазақстан халқы ассамблеясы жаңа тыныс алды», - дейді Юсуп Келигов.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT