Нұр-Сұлтанда ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері этносаралық келісімді нығайту жөніндегі маңызды мәселелер мен ассамблея алдында тұрған жаңа міндеттерді талқылайды деп күтілуде. Қазіргі заманғы жаһандық және өңірлік сын-қатерлер қазақстандықтардың бірлігін одан әрі нығайтуды ынталандырады. Көпэтносты қатынастардың отандық моделі жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың қалқанына айналып отыр.

ҚХА жанында сараптамалық кеңестер, клубтар және еріктілер жасақтары жұмыс істейді.

Еске салсақ, 2021 жылғы 9 маусымда Кеңес құрамы жаңартылды: Кеңес құрамы 76 мүшеден, бұрын 72 мүшеден тұрған, оған ел басшылығы, Президент Әкімшілігі, Тұңғыш Президент - Елбасы кеңсесі, Ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері кірді, олар да жергілікті жерлердегі ҚХА төрағалары болып табылады. Кеңестің 10 мүшесі Парламент Мәжілісінен өкілдік етеді, Кеңестің екі мүшесі – Парламент Сенатының депутаты.


Соңғы жаңалықтар