+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр

2019 жылғы 12 қыркүйек 09:48
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның машина жасау кәсіпорындары қай елдерге өнім экспорттайды

Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырған. Биыл форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» ұранымен өтеді.


«Панельдік сессияларда, салалық басқосуларда қызу талқылаулар өтер деген сенімдеміз. Бұл алаңда маңызды шешімдер қабылданады. Мәселен, өткен жылы 2019-2024 жылғы машина жасау саласын дамытудың Жол картасы, көлік құраушыларға салықтық жеңілдік беру секілді шешімдер қабылданған болатын. Осындай жемісті жұмыстар бүгін жалғасын табар деген сенімдеміз», - деді шараның ашылуында Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.


Шара барысында отандық көлік құрау кәсіпорындарының өкілдері «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды.

Жыл сайын форумға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай секілді ірі 20 мемлекеттің делегаттары қатысады. Осылайша, отандық кәсіпорындар елден шықпай-ақ шетелдік әріптестерімен кездесу өткізуге мүмкіндік алады.



Айта кетерлігі, индустрияландыру жылдары машина жасау және металл өңдеу саласында Қазақстанда 130 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 14 мыңға тарта тұрақты жұмыс орыны құрылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT