Нұр-Сұлтанда қатаң карантин шаралары тағы 2 аптаға созылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері 2020 жылдың 3 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Қала тұрғындары жарлықта көрсетілген талаптарды қатаң сақтауға міндетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу, форум, конференция, семинар, жиналыс және басқа да жиындарды өткізуге тыйым салынады. Спорт жаттығуын тек жеке және ашық ауада өткізуге болады. Жеке, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа табиғатқа экскурсия, корпоратив, топтық серуен ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға тыйым салынады», - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылады.

«Тұрғылықты жерінен шыққан кезден бастап маска кию бойынша міндетті талаптарды сақтау, 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Жұмысқа барып-қайтуға, аулаларда және саябақта, алаңда, скверлерге, жағалауға барып серуендеуге - жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және адам көп жиналатын объектілерге бару кезінде маска кию және антисептик пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау керек» делінген қаулыда.


Соңғы жаңалықтар