Нұр-Сұлтанда қашықтан оқитын 5 оқушыдан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылы басталғалы елордада мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдайы тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды», - деді Пралиева баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, байланыста болған адамдар тексеруден өткен.

«Барлығында індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфекция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», - деді ол

Сонымен қатар, Ж. Пралиева мектеп мұғілімдері арасында коронавирус жұтыру жағдайы тіркелмегенін айтты.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері болған Айжан Есмағамбетова егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталатын болса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізетіндігін айтқан болатын.

Сондай-ақ, ШҚО мектебінде оқушыдан коронавирус табылды.



Соңғы жаңалықтар