+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда карантинді бұзған бизнес иелері 638 мың теңгеден айыппұл төлейді

2020 жылғы 11 шілде 01:53
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда карантинді бұзған бизнес иелері 638 мың теңгеден айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері, СЭС және әкімдік өкілдері карантиндегі дәмханалар мен мейрамханалар жұмысына рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд барысында полиция қызметкерлері Сарыарқа ауданындағы мейрамханаларды тексеріп, карантин режимін сақтау туралы ұсынымдар берді. Одан бөлек, қала тұрғындарымен де жеке қорғаныс құралдарын тағу туралы профилактикалық жұмыс жүргізілді.

«Елорданың бас санитарының қаулысында мекемелердің 19 шілдеге дейінгі жұмыс кестесі нақты көрсетілген. Дәлірек айтқанда, жазғы мейрамханалар 20:00-ге дейін, ал жеткізу қызметтері – 21:00-ге дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Тұрғын үйлерде орналасқан азық-түлік дүкендері 20:00-ге дейін ашық тұрады. Кеше санитарлық дәрігердің шешімімен супермаркеттер уақыты 21:00-ге дейін ұзартылды. Карантин режимін бұзған жеке тұлғалар мен бизнес өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 425-бабына сәйкес, 30-230 АЕК аралығында (83 340 теңгеден 638 940 теңгеге дейін) айыппұл салынады», - дейді Сарыарқа ауданы Жергілікті полиция қызметінің басшысы Марат Өмірбаев.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 5 шілдеден бастап, карантин режимін бұзған 60-тан астам мекеме анықталды.

«Кейбір мекемелердің жұмысын жалғастырып жатқандығы туралы қала тұрғындарынан 102 нөміріне көптеген қоңыраулар түсуде. Бұл ретте тұрғындардың азаматтық позициясына алғыс айтамыз. Оның ішінде көңіл көтеру мекемелері, моншалар, дүкендер, мейрамханалар бар. Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне бір азамат хабарласып, түнгі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі дәмханалардың бірінде бір адамның жараланғанын жеткізді. Тексеру барысында дәмхананың түнгі уақытта жасырын жұмыс істегені анықталды. Алматы ауданында да жасырын қызмет көрсеткен дәмханалар мен монша табылды. Тексеру барысында жеке тұлғаның моншаны 2 сағатқа жалдағаны, әкімшінің бұл әрекетіне рұқсат берілгені анықталды. Бір дәмханада тойланып жатқан туған күн тоқтатылды. Осы материалдардың барлығы жинақталып, тиісті органдарға жіберілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Бұған қоса, соңғы бес күнде медициналық дәрі-дәрмек пен құралдарды заңсыз көтерме бағамен сатып жүрген 27 адам ұсталған. Заңсыз айналымнан тәркіленіп алған медициналық құралдардың жалпы сомасы 13 млн теңгеден асады. Қылмысқа қатысы бар азаматтар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT