Нұр-Сұлтанда қар жинауға 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызмет жұмысы күшейе түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір көшелерді тазалауға 800-ден астам арнайы техника және екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Әкімдіктің мәліметіне сенсек, Нұр-Сұлтан қаласында қар тазарту жұмыстары кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымда жүргізіледі.
Сондай-ақ қар тазарту бағыттары да белгіленеді.
Бірінші кезекте ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін, қозғалыс өте көп жерлер тазартылады.
Одан әрі орташа қозғалыс учаскелері – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады.
Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді, ол қар жауа бастағаннан себіледі.
Бірінші кезекте, көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері - өр және еңіс жолдар, көпірлер, тоннельдер, көше қиылыстарындағы және қоғамдық көлік аялдамаларындағы тежеу алаңдары өңделеді.
Егер бірінші цикл аяқталғаннан кейін де қар жауа берсе, қажетті жұмыс қайталана береді.
Қар қаланың барлық аудандарында орналасқан 11 полигонға шығарылды. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі.
Полигондарда бақылауға фото және бейнекамералар орнатылған.
Айта кетсек, өткен тәулікте қаладан 8 мың текше метр қар шығарылды.
- Ауа райы: Қазақстанда жеті облыс аумағында ескерту жарияланды
- Оралда шоқыну мейрамында ойықтан су алуға келген 78 жастағы қария көз жұмды
- Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды
- Қостанай облысында мемлекеттік шекарада 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр
-
Биыл Алматыдағы қисайған 17 көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылады
-
Шығыс Қазақстанда 1 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам