+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда қар барысына арналған көрме ашылды

2021 жылғы 22 қазан 21:55
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда қар барысына арналған көрме ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық қар барысы күні аясында арнайы көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қар барысы - Қазақстанға ғана тән нышанның бірі. Өкінішке қарай, бұл жыртқыш аң түрінің құрып кету қаупі бар. Оның жойылып бара жатқанына бірнеше себеп бар. Алдымен адамның қатысы бар, атап айтқанда қар барысының мекендеу ортасын бұзу және браконьерлік. Сонымен қатар экожүйе мен климаттың өзгеруі де жабайы аңның тіршілігіне кері әсерін тигізіп жатыр. Түрлі дерек көздері бойынша бүгінде әлемнің 12 елінде 3 мың мен 7 мың аралығында қар барысы бар. Ал Қазақстанда болжамға сәйкес шамамен 135-тен 170-ке дейін ілбіс мекендейді. Қар барысы халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне және барлық 12 елдің ұлттық Қызыл кітабына енгізілген», - деді БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш көрменің ашылу салтанатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда қар барысын сақтау мен көбейтуге арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлейтін уақыт жетті.

Елордадағы «Барыс Арена» мұз айдынында ашылған көрмеге 30 картина қойылған.

Туындылардың авторы - ҚР Білім және ғылыми министрлігі Зоология институтының Қар барысы орталығының ғылыми қызметкері, фотограф Салтөре Сапарбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада «Қар барысын сақтайық» атты экологиялық акция өтті.

Айта кетейік, 23 қазан - халықаралық қар барысы күні ретінде аталып өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT