Нұр-Сұлтанда қанша дәрігер сыйақы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 1469 медицина қызметкері сыйақы алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, барлық 1 469 медицина қызметкеріне, оның ішінде коронавируспен күреске жұмылдырылған 163 дәрігерге, 683 медицина қызметкеріне, 623 кіші медицина қызметкеріне сыйақы төленді. Сыйақы төлеуге 150 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар, Елбасы тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қорынан коронавирус індетімен ауырған пациенттермен тікелей қарым-қатынаста болған медицина қызметлерін ынталандыру үшін қосымша 25 млн теңге бөлінді»,- дейді Сәуле Қисықова.

Сондай-ақ ол медицина қызметкерлерін коронавирус індетінен қорғау үшін қандай жұмыстар жүргзіліп жатқанын айтты.

«Коронавирус індеті анықталған пациенттерді емдеуге жұмылдырылған емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің арасында вирус жұқтырмау, сондай-ақ салауатты моральдық-психологиялық ахуалды ұстап тұру үшін шамамен 700 медицина қызметкері қаланың қонақ үйлеріне орналастырылды. Олар үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар оларды алып жүру үшін көлік бөлінген. Пациенттермен және дәрігерлермен жұмыс істеу үшін психологтар жұмылдырылған», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар