Нұр-Сұлтанда қанша бала коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда балалар арасында коронавирус инфекциясының ауыр жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қалалық стационарларда 39 бала жатыр. Бұл – 0 жастан 18 жасқа дейінгі контингент. Әдетте, олар ата-аналарымен бірге ауру жұқтырады және бірге емделеді. Балалар арасында коронавирус ауруының ауыр жағдайы тіркелген жоқ, өлім-жітім де болған жоқ», - деп жауап берді спикер елорда әкімдігінде өткен брифингіде тілші сұрағына.

Айта кетейік, сәуір айында жалпы сырқаттану құрылымындағы балалардың үлесі 0,8%-ға азайды, бұл әсіресе 7-10 жас аралығындағы топқа қатысты қабылданған шектеу шараларының тиімділігін көрсетеді, онда төмендеу 5%-дан 4%-ға дейін болды. Балалар арасында ең жоғары аурушаңдық 3-10 жас тобында 54,5%-ды құрайды.




Соңғы жаңалықтар