+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусын соқты

2020 жылғы 18 ақпан 15:02
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусын соқты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «КамАЗ» автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда троллейбус әйел адамды қағып кетті Қазақстанның батыс аймақтарында және Қызылорда облысында коронавирус тіркелген жоқ БҚО-да «Шаран» автокөлігі өртеніп кетті

«18 ақпан күні таңғы сағат 08.30-да Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында «КамАЗ» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, №22 маршруттық автобусқа соғысты. Р. Қошқарбаев көшесі арқылы Ш. Құдайбердіұлы көшесіне бара жатқан автобус қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып кетіп, Төлебаев көшесіне бара жатқан Skoda Rapid көлігімен соқтығысқан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Skoda Rapid» көлігінің 63 жастағы жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді. № 22 автобуста шамамен 30 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«КамАЗ» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT