+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда қалып қойған ақмолалық блокбекеттен заңсыз өтпек болған

2020 жылғы 29 наурыз 03:02
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда қалып қойған ақмолалық блокбекеттен заңсыз өтпек болған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының блокбекеттерін заңсыз айналып өтпек болған Ақмола облысының тұрғыны ұсталып, 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғыны елордаға бір ай бұрын жұмыс істеуге келген.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам Нұр-Сұлтан қаласынан шыға берісте қойылған блокбекеттерден Қызылжар және Қосшы ауылдарының арасындағы қара жол арқылы айналып өтпек болған. Оны Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.

«Ер адамның сөзінше, ол Нұр-Сұлтан қаласына ақпанның ортасында жұмыс істеуге келген. Елордада карантин енгізілгенін білген. Алайда, ондағы жұмыстары аяқталмағандықтан уақытылы кетпеген. Тексеру кезінде оның карантин аумағынан шығуға рұқсат беретін ешқандай құжаттары болмады. Соттың шешімімен заң бұзушыға ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды», - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқпасының таралуына байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен ел аумағында төтенше жағдай жарияланды. Ал, 2020 жылдың 19 наурызы, сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізіліп, мегаполистердің айналасына блокбекеттер қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT