Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойған ер адам көпірден секірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция Нұр-Сұлтанда көпірден ескірген адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалақ полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, 9 мамыр күні сағат 04:30-да Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені алдындағы көпірден ер адамның секіріп кеткелі тұрғандығы туралы хабар жеткен.

Полиция келгенше, ер адам көпірден секіріп үлгерген.

«Біз суға секіріп, ер адамды жағаға, қауіпсіз жерге алып шықтық»,-деді оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан Әділбеков пен Олжас Алтынбеков.

22 жастағы ер адамның ішімдік ішкені анықталды. Сол себепті ол көмек көрсету үшін дәрігерлердің қарауына жіберілді. Қазіргі таңда оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.


Соңғы жаңалықтар