Нұр-Сұлтанда иісшіл ит жоғалған 2 жасар бүлдіршінді тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Феликс атты иті бар кинолог Мәмбетов көшесінің бойындағы Оқушылар сарайының маңайында 2 жасар баланы іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 21:10 шамасында балалар аттракционының жанында иті бар полиция қызметкеріне жас әйел жүгіріп келіп, кішкентай ұлын жоғалтып алғанын айтқан.

20 минут бойы әйел баланы өз бетінше іздеген, алайда одан нәтиже болмаған.

Әйелдің қолында баланың ойыншығы болды, соның иісімен Феликс баланың ізіне түсті.

10 минуттан кейін төбет іздеу орнынан 300 метр қашықтықтан баланы тауып алды.

Баласымен қауышқан ана полицейлерге алғыс айтты.

Полицияның айтуынша, 2 жасар Феликс қызметін жақында бастаған.

Бұл - оның бірінші сәтті ісі. Иісшіл төбет жақсы жаттыққан, кинологтың нұсқауларын ширақ орындайды.


Соңғы жаңалықтар