Нұр-Сұлтанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 21 наурыздан 16 сәуірге дейін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 21 наурыздан 16 сәуірге дейінгі аралықта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО қызметі карантиндік аймақ ауданында тоқтатылады», - делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 19 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді.

Коронавирус инфекциясының таралуы жайлы барлық ақпаратты арнайы бөлімнен оқуға болады.



Соңғы жаңалықтар