+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда халыққа қажет көмірдің 56 пайызы жеткізілген

2021 жылғы 28 қыркүйек 17:55
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда халыққа қажет көмірдің 56 пайызы жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына биылғы жылыту маусымында 300 мың тонна көмір қажет. Әзірге оның 56 пайызы тұйықтарға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі Қазақстанда көмір мен шикі мұнай өндірісі төмендеді Халықаралық сауда ережесі көміртек салығы салдарынан түбегейлі өзгереді - Брекешев

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игісінов айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биыл халыққа 300 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Бүгінде соның 168 мың тоннасы, яғни 56 пайызы әкелінген. Басқа өңірлерді айтсақ, Ақмола облысында коммуналдық-тұрмыстық секторға қажетті көмір 100 пайыз, яғни 730 мың тонна көлемінде жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша халыққа 120 мың тонна көмір жеткзіу жоспарланған. Мұнда жоспар 100 пайыз орындалды. Қарағанды облысы бойынша да жоспар 100 пайыз орындалды – 536 мың тонна көмір», - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, ол көмір жеткізу жоспарын кешіктіріп жатқан өңірлерді атады.

«Әрине, халықты көмірмен толық қамтамасыз етпей жатқан өңірлер бар. Пайызбен алсақ, 70-96 пайыз аралығында ғана қамтылған. Мысалы, Ақтөбе облысында 28 мың тонна көмір керек болса, бүгінде тек 8,4 мың тонна көмір ғана әкелінген. Бірақ жергілікті әкімдіктің мәлімдеуінше, жыл сайын осылай кешігіп жеткізілетін көрінеді. Ел ішінде ажиотаж жоқ деп отыр», - деді Жанат Игісінов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT