+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда халық санағының негізгі кезеңіне дайындық басталды

2021 жылғы 4 тамыз 15:15
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда халық санағының негізгі кезеңіне дайындық басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада халық санағының дайындық кезеңі аяқталды, оның аясында интервьюерлер тұрғындар санын белгілеу, сондай-ақ мекен-жай деректерін редакциялау мақсатында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда дүкеннен косметика ұрлаған бойжеткен ұсталды Нұр-Сұлтанда ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жаңғыртатын JAS NOMAD жобасы басталды Елордада «Сергек» камералары 800 мыңнан астам ереже бұзу фактілерін тіркеді

Планшет құрылғыларына жиналған барлық ақпарат «Аудандастыру» автоматтандырылған жүйесіне берілді.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, қазір санақтың дайындық кезеңінің деректері негізінде халық санағын өткізудің негізгі кезеңі үшін алдын ала есептеу мен есеп және нұсқау учаскелерін қалыптастыру жүргізіліп жатыр.

Есептеу және нұсқау беру учаскелері бір интервьюер - есептегішке 833 адамның жүктемесін ескере отырып, алдымен қала картасында қалыптастырылады, содан кейін ақпараттық жүйеге және планшеттік құрылғыларға көшіріледі. Бұл барлық респонденттерге санақ парақтары бойынша

электрондық түрде сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді.

«Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы санақ қызметкерлерінің еңбек шығындарын азайтуға, адам факторының деректер сапасына әсерін азайтуға, ЖСН қолдана отырып, халық санағы деректерінің шынайылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе заттарын едәуір үнемдеуге септесіп, сондай-ақ деректерді жинау кезінде интервьюерлердің жылдам жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - делінген ведомство хабарламасында.

Нысандарды аралау және онда тұратын халыққа сауалнама жүргізу 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында жүзеге асырылады.

Айта кету керек, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру алғаш рет халыққа санақтан өтудің басқа нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. Азаматтар орналасқан жеріне қарамастан мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнамадан өте алады, өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын дербес толтыру қажет.

Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT