+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан басталды

2021 жылғы 25 қараша 20:58
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқаны басталды. Іс-шаралар зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Науқан шеңберіндегі іс-шараларға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, волонтерлер белсенді қатысады.

Халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, ЖОО) психологтармен, медиаторлармен, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлармен кездесулер өтеді.

Тәжірибелі сарапшылар дағдарыс орталықтарының отбасымен, мектеп психологтарымен, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасайтын мамандар үшін оқыту тренингтерін өткізеді.

25 қарашада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының базасында «Зорлық-зомбылық психологиясы» тақырыбында жоғары санатты психолог, «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко тренинг өткізеді.

«Үміт» дағдарыс орталығы базасында уәкілетті мемлекеттік органдар, әкімдік жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қызмет алушылар қатарынан азаматтарды қабылдайды.

Денсаулық сақтау ұйымдарында «Саналы ата-ана» тақырыбында Ашық есік күндері өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 10 айында 3168 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейім 6600 адамға қатысты полиция қызметкерлері қорғау нұсқамаларын шығарды.

Дағдарыс орталықтарына 245 адам жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық науқаны дәстүрлі түрде 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні басталып, 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күні аяқталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT