Нұр-Сұлтанда этносаяси сауаттылықты көтеру мәселесі талқылануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда редакторлар мен ірі БАҚ-тардың негізгі қызметкерлеріне арналған «Этносаяси сауаттылықты көтеру» тақырыбында семинар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара ұйымдастырушысы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты. Семинардың мақсаты – бүгінгі күні БАҚ өкілдерінің Қазақстандағы ұлтаралық мәселелерді көтеру кезіндегі этносаяси сауаттылығын көтеру. Сонымен қатар осы тақырыпқа маманданған тұрақты журналистер пулын құру.

Пленарлық және секциялық отырыстар барысында бірқатар өзекті мәселелерді қарастыру көзделіп отыр. Баяндамалар арасында «Шиеленістің ақпараттық компоненті. Араздық тілі. Қақтығыстың декларативті кезеңіндегі нормативтік емес этнонимдер», «Шиеленіс және триггер. Қақтығыс кезеңдері. Қақтығыстан кейінгі кезең», «Ұлтаралық қатынастардың экономикалық және демографиялық өлшемі», «ҚР-да ұлтаралық тақырыпты баяндау барысында этносаяси терминологияның қолданылуының ерекшеліктері».

Алғашқы болып семинар қатысушыларының алдында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйлейді. Спикерлер: «Қолданбалы этносаяи зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры Михаил Комиссаров.


Соңғы жаңалықтар