Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыпты сауда орталығынан қоларбаға салып киім ұрлаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция қызметкерлері елордадағы сауда-ойын сауық орталықтарынан киімдер ұрлаған үш азаматты қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер тергеу барысында ерлі-зайыптының туысымен және үш жасар баласымен бірге дүкендерді аралап, киім-кешек, негізінен джинсы мен күртелерді үрлағанын анықтады.

Ұсталған азаматтар үш рет ұрлық жасап үлгерген. Олар ұрланған заттарды алып, сауда орталығының автотұрағынан кетпекші болған кезде ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктілер өз қылмысын мойындады. Заттардың бір бөлігі тәркіленді, ұсталғандар қалғанын өткізіп үлгерген.

Ерлі-зайыптының екі баласы бар. Бұған дейін олар ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полицейлер олардың бұған дейінгі осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы күдіктілердің әрекетінен зардап шеккен азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне хабарласа алады: Бейбітшілік, 19 немесе 8 (7172) 71-60-69; 71-61-48, «102».


Соңғы жаңалықтар