+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды

2020 жылғы 3 шілде 23:40
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылды – әкімдік Елордада велосипед ұрлауды «кәсіп» еткен 39 жастағы азамат ұсталды

Бірінші оңалту орталығы Болат Өтемұратов қорымен бірлесіп ашылып отыр. Орталықта аутизм диагнозы бар балалармен жұмыс жүргізіледі. Орталықтың ашылуы аутистік спектрдегі ауытқуы бар балаларды 50%-дан көбірек қамтуға мүмкіндік береді.

«Екінші оңалту орталығы да осы орталық орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінің (Уәлиханов, 23) бірінші қабатында орналасқан. Орталық күніне 200 келушіге дейін қабылдай алады. Онда БЦП, аутизм және басқа да аурулары бар ерекше күтімді қажет ететін балалармен айналысатын болады», - делінген әкімдіктің Инстаграм парақшасындағы хабарламасында.

Алты жасар ұл баланың анасы Эльнара Шарафутдинованың айтуынша, мұндай орталықтар ерекше балаларды оңалту үшін өте қажет.

«Бұрын бізге түрлі емханалар мен орталықтарға баруға тура келетін еді. Қазір баланы оңалту үшін барлық қажетті қызметті осы орталықтан, бір жерден алуға болады», - дейді Эльнара Шарафутдинова. ⠀


Қымбат Керейбай атты тағы бір ана баласымен оңалту орталықтарына баратынын айтады.

«Өз кезегімізді күтіп қалатын кездер де болады, себебі басқа да балалар бар екенін түсінеміз. Мен орталықтарға барғаннан кейінгі нәтижелерді байқаймын. Менің балам алғашқы қадам жасай бастады. Елордада оңалту орталықтарының көбейіп жатқаны қуантады. Себебі қалада ерекше 5,5 мың бала бар. Оңалту орталықтарының ашылуы балаларды көптеп қамтуға және орталықтарға жиі баруға мүмкіндік береді», - дейді ол. ⠀

Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық маньеж құрылысы басталып кеткен. Жаңа ғимараттардың бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар) ашылуда. Инватакси саны екі есе өскен.

Жастар сарайы ғимаратындағы ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін қолжетімді болатын бассейнге де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT