Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қаңтарда елордадағы тұрғын үй кешенінің бірінде кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болып, күйеуі әйеліне пышақ сұққан. Содан кейін оның әпкесіне де бірнеше жарақат салған. Қайын әпкесі пәтерден қашып шығып, көршілерін көмекке шақырып үлгерген. Көршілері полицияға қоңырау шалған. Бұл уақытта ер адам пәтердің есігін жауып алған. Полиция қызметкерлері есікті бұзып кіргенде 46 жастағы әйел мен оның жұбайының мәйітін тапқан. Ер адам өзін де пышақтап тастағаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар