+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары сыйлығы» байқауы өтіп жатыр

2019 жылғы 8 желтоқсан 15:16
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары сыйлығы» байқауы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Елорда жастары сыйлығы» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Jas Otan» #Bizbirgemiz эстафетасын барлық қазақстандық жастарға жолдады Қазақстанға бір мыңнан астам кинозал қажет – Гүлнәр Сәрсенова Саят Медеуов ауылға жұмыс істеуге барды

«Бүгінгің шараның мақсаты – дарынды жастарды қолдап, олардың жетістіктерін халықа арасында насихаттау және бәскеге қабілетті жас мамандарды анықтау. Бір жағынан елорданың жастарын ынталандыру. Байқау жеңімпаздарына 100 мың теңгенің сертификаты табыс етіледі», - деді қалалық әкімдіктің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Оның айтуынша, дауыс беру ашық түрде өтті және әрбір қатысушы туралы деректер толықтай ұсынылды.

«Байқау номинаттарына қойылған алғашқы талап, ол жас ерекшелігі яғни 14 пен 29 жас аралығында болуы керек. Екінші кезеңде үміткердің өз саласы бойынша жыл бойы жасаған жұмыстары мен жетістіктері есепке алынып, олар арнайы құрылған комиссияның қарауына жіберілді. Комиссияның құрамында 15 саланың білікті мамандары бар. Аталған комиссия 15 номинация бойынша 3-тен 5-ке дейін үміткерді таңдап алды. Одан соң онлайн дауыс беру кезеңі басталды. Ал бүгін ақтық сында ең көп дауыс жинаған жеңімпаздар анықталады», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыркүйекте басталған байқауға 1 мыңнан астам өтінім келіп түсті.

«Елорда жастары сыйлығы» 15 номинация бойынша табыс етіледі:

1. Эстрада

2. Ғылым

3. Журналистика

4. Кино және театр

5. Ұлттық өнер

6. Спорт

7. Мемлекеттік қызметкер

8. Әлеуметтік саланың үздік қызметкері

9. Қоғамдық қызмет

10. Өндірістің үздік қызметкері

11. Заманауи шығармашылық өнер

12. Үздік студент

13. Үздік жастар театры

14. Жас кәсіпкер

15. Жыл еріктісі

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT