Нұр-Сұлтанда экологиялық акция өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 шілдеде Нұр-Сұлтанда #Birge #TazaQazaqstan қалалық экологиялық акциясы өтеді. Акция аясында әуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауы тазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады. Қатысушыларды жинау және автобустарға отырғызу 9.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, «Astana Music Hall» мейрамханасының тұрағында өтеді.

Акцияның басталуы - сағат 10.00-де.

Ұйымдастырушылардың айтуынша акцияға 1000-нан астам адам қатысады, олардың арасында «РОП» ЖШС, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, БҰҰДБ, «Жас Отан» еріктілері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің барлық басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жастар ұйымдары өкілдері бар.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті. Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 1200-ден астам адамды қамтыды. Оның аясында 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Елорданың су қоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар, еріктілер, елорда тұрғындарының және бүкіл Қазақстанның қолдауына ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен елорданың айналасындағы су нысандарын тазартудың асыл миссиясын жалғастыру үшін экологиялық эстафета алды және 2019 жылдың 27 шілдесінде экологиялық тазарту форматында акция өткізеді.


Соңғы жаңалықтар