+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда дүкеннен косметика ұрлаған бойжеткен ұсталды

2021 жылғы 23 қыркүйек 22:30
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда дүкеннен косметика ұрлаған бойжеткен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда дүкеннен косметика ұстаған бойжеткен видеокамераға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР ІІМ Павлодар облысында итті өртеу оқиғасына қатысты түсінік берді Биыл 10 мыңға жуық қылмыс көшедегі бейнебақылаудың көмегімен ашылған Апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалды - ІІМ

Полицияға дүкен иесі шағым түсіріп, косметикасы ұрланғанын хабарлаған.

«Дүкен қызметкерлері косметика жетіспейтінін анықтап, видеокамера таспасын қараған. Видеода «тұтынушының» сатушының назарын басқа жаққа аударып, дүкен сөрелерінен кремдерді, декоративтік косметикаларды, гельдерді алып, пальтосының қалтасына салып алған. Ол дүкеннен 19 мың теңгенің затын алып шыққан. Ұрланған тауарды төмен бағада сатпақшы болған», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында видеокамерадан оның қайда бет алғанын қарап, күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталмаған 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бойжеткен ұрлық жасағанын мойындады, полицейлер ұрланған косметиканы тәркілеп, иесіне қайтарды. Оның бұған дейін осы сияқты қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT