-
ОНЛАЙН:
Нұр-Сұлтанда «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 24-25 қазанда жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Astana Hub» ІТ стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетекші IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер цифрлық даму саласында инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін бірыңғай диалог алаңында жиналады.
Биыл «Digital Bridge» форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау үшін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткізіледі.
«Digital Bridge» форумының басты мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар арасында диалог алаңын құру және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер арасында қазіргі заманғы технопарктер пулын қалыптастыру.
«Биыл Digital Bridge Қазақстандағы цифрлық экожүйеге қатысты барлық іс-шараларды бір қолшатырдың астына жинаған форум болмақ. Біз Digital Bridge бизнес, стартаптар, мемлекет және осы саладағы мәселелерді шешуге, цифрлық идеяларды ілгерілетуге, нақты пайда әкелетін жобаларды іске асыруға ниетті аудиторияларды біріктіретін көпірге айналғанын қалаймыз», - деп хабарлады «Зерде» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев.
Форум алаңындағы басты шара Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық сессиясы болмақ. Қатысушылар үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау, цифрлық медиа. Мұнда қатысушылар арасында B2B кездесулер өткізу мүмкіндіктері болады.
«Біз бизнес-ортаға үлкен назар аударамыз. Жеке алаңда стартаптар, инвесторлар, кәсіпкерлер, АТ-компаниялары, мамандар мен медиа өкілдері бір-бірлерімен кездесіп, бейресми жағдайда, «галстуксіз», нақты тақырыптарды талқылай алатын алаңды ұйымдастырамыз», - деп толықтырды Павел Коктышев.
Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін Astana Hub Awards марапаты өтеді. Сондай-ақ, Astana Hub Battle жарысында технологиялық стартаптар өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
«Digital Bridge» аясында Astana IT University ресми ашылуы, a lem бағдарламалау мектебінің таныстырылымы өтеді, сондай-ақ «Digital ХҚО» сервистері көрсетіледі. Сонымен қатар, форум шеңберінде бес CDO қатысуымен «Цифрландыру мәселелері бойынша ашық талқылау» сессиясы және ШЫҰ халықаралық технопарктерінің дөңгелек үстелі өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысуымен ұйымдастырып отыр. Форум «Қазақтелеком» АҚ, ERG және BTS Digital қолдауымен өткізіледі.
Форум сайтында қатысушыларды және БАҚ өкілдерін тіркеу ашық.
- Премьер-Министр Үкіметтің нақты міндеттерін атады
- OTAU TV ұлттық спутник желісінің құрылғанына 10 жыл толды
- Елордада карантин талабын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
- Су бетіндегі қалқымалы жағалау, спорт павильоны, скейт-парк: Нұр-Сұлтан 2021 жылы қалай өзгереді
-
2025 жылдан бастап банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
-
Астанада карантин кезінде қыз ұзатып, туған күн тойлағандар анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам