+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті

2019 жылғы 14 желтоқсан 23:12
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы «Барыс Арена» спорт кешеніндеОлимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген Денис Теннің достары бас қалаға жиылды. Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы көзі тірісінде жиі ұйымдастыратын «Денистің достары» атты мұз шоуы қайта шымылдық түрді. Мұз шоуын ұйымдастыру идеясы Дениске тиесілі. Тлантты спортшы кәсіби мансабын жалғастыра жүріп, жанкүйерлері алдында арнайы өнер көрсетуді игі дәстүрге айналдырған болатын. Әріптес достарын да шақырып, елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлес қосты.

Бұл жолы шоу қонақтары ретінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Татьяна Волосожар мен Максим Траньков, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерлері Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже сынды танымал спортшылар қатысты. Жалпы алғанда АҚШ, Ресей, Канаданың белгілі мәнерлеп сырғанаушылары көпшілікті әсерлі қойылымдарымен тәнті етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Денис Тен,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT