Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қанша автобус рейске шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада демалыс күндері қанша автобус рейске шығады? ҚазАқпарат тілшісінің бұл сұрағына «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметі жауап берді.

«Жұмыс күндері астана көшелеріне 871 автобус шығады. Ал сенбіде - 719, жексенбіде - 709 автобус тұрғындарды тасымалдайды» делінген жауапта.

Компания ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көліктердің жүру кестесі – бағдарлардың түрі (қала, экспресс, қала маңы), толымдылық кезеңі, аудандарға қызмет көрсету, сұраныс бойынша жұмыс бастау, сұраныс бойынша қозғалыс аралығы секілді факторларды ескере отырып жасалады.

«Астана LRT» компаниясы сонымен қатар, аптаның әр күні бойынша кесте әрбір бағдарға жеке жасалатынын хабарлайды. Мәселен, аптаның күндерін саралай отырып, автобустың толымдылығы, уақыты, халықтың сұранысы да өзгеріп отыруы мүмкін.

«Демалыс күндері қоғамдық көлік сенбілік және жексенбілік кестеге сай жүреді. Жалпы ол күндері қала жолдарында жолаушылардың азаятыны белгілі» делінген компания жауабында.


Соңғы жаңалықтар